×

Жеңіс Ысқақова Димаш Құдайберген үшін қазақстандық композиторлар арасында байқау жариялауды ұсынды

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова «Adal Adam» Youtube-арнасына берген сұхбатында Димаш Құдайберген үшін қазақстандық композиторлар арасында байқау жариялауды ұсынды.

Даурен Омаров 19.06.2024 | 16:36

«Димаш қазақтың әнін әлемге танытып, барлығына қазақша ән айтқызып жатыр. Бірақ, ол біздің классикалық әндер. Яғни өзіміздің халық әндері, халық композиторларының әндері не болмаса әлемдік хиттар, орыстың әндері. Осы жерде менің бір ұсынысым бар, Димашқа біздің композиторлар заманауи әрі «Атамекен» сияқты қазақ халқының мәдениетін, үнін, әнін, сөзін жеткізетін ән жазып берсе. Азиада ойындарының гимніне конкурс жариялады ғой, 100 әннің ішінен 1 ән шықты сол кезде. Дәл осындай біздің қазіргі композиторлар арасында конкурс ұйымдастыру керек. Сондай-ақ Димаш әлемді бейбітшілікке, ауызбірлікке шақыратын ән айтса, дүние жүзі ұйып тыңдайды», - деді Жеңіс Ысқақова.

«Қонаевтың саяси мансабының басталуына Бейсембай Кенжебаев себеп болған» – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбектің айтуынша, Б.Кенжебаев Қонаевтың саяси мансабының басталуына себепкер болғаны ақиқат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 00:24

«Әсіре алашшыл болып жүр»: Құлбек Ергөбек алаштанушыларды сынға алды

Жазушы-ғалымның айтуынша, Сәбит Мұқанов сияқты совет қайраткерлерін сынағанда обьективтілік керек.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 13:24