×

"Күмәніңіз болмасын". Дәулеткерей Кәпұлы "тәңірші" екені рас па?

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Дәулеткерей Кәпұлы ADAL Adam Youtube-арнасына берген сұхбатында өзін "тәңірші" деп сынағандарға жауап берді.

Даурен Омаров 02.07.2024 | 08:39

"Менің тілімдегі тіркес қой. "Тәңір жарылқасын", "Тәңір тілеуіңді берсін", "Бер, Тәңір, 500 жылқы" секілді. Бұл Құдайға серік қосу емес, Құдайдың бір аты деп таныған қазақ, Тәңір деген сөзді Абай да қолданады. Сондықтан сол 1-2 тіркеске бола мені "тәңірші" деп айтқандар өзі білсін. Маған келіп-кететін нәрсе жоқ. Талай нәрсе көрдім. Кімге жауап бересің?! Мен - "өз Құдайым жүрегімде" деп айтқан қазақпын. Мен - халық жауы болып ұсталған молданың немересімін. Сондықтан адам сыртынан тон пішкендер өзі білсін. Бата қылатын мұсылман қазақпын. Оған күмәніңіз болмасын", - деді ол. 

«Қонаевтың саяси мансабының басталуына Бейсембай Кенжебаев себеп болған» – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбектің айтуынша, Б.Кенжебаев Қонаевтың саяси мансабының басталуына себепкер болғаны ақиқат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 00:24

«Әсіре алашшыл болып жүр»: Құлбек Ергөбек алаштанушыларды сынға алды

Жазушы-ғалымның айтуынша, Сәбит Мұқанов сияқты совет қайраткерлерін сынағанда обьективтілік керек.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 13:24