«Тағы президенттікке үміткер болам»: Жигули Дайрабаев саяси амбициясын айтты
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев «Adal ADAM» youtube арнасына берген сұхбатында саясат сахнасынан жуық арада кетпейтінін айтты.
Болашақта да сайлауға қатысып, депутат болғысы келетінін айтты.
«Әрине, оны уақыт көрсетеді. Бірақ бүгін кетейін деп жатқан ойым жоқ», - деді.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының орнына таласатын үміті барын жасырмады.
«Егер мені партияластарым ұсынып жатса, үміткер болам», - деді Жигули Дайрабаев.