×

Еңбек министрі өзінің отставкасын талап еткендерге жауап берді

Даурен Омаров 18.06.2026 | 18:14
Еңбек министрі өзінің отставкасын талап еткендерге жауап берді
ҚР Еңбек министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін белгіленетін шектік мөлшердің көтерілуіне байланысты айтылған сын-пікірлер мен өзінің отставкасын талап еткендерге жауап берді, деп хабарлайды Adalaladam.kz.

Министрдің айтуынша, бұл шешім азаматтардың болашақта лайықты зейнетақы алуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

«Біздің зейнетақы шегін көтеру себебіміз – әр азамат зейнетақы жасына жеткенде лайықты зейнетақыны алу үшін. Ал ол пандемия кезінде солай жұмыс жасалынды. Қазір зейнетақы шотынан алуды қысқарту жағын қарадық», – деді Асқарбек Ертаев.

Оның сөзінше, зейнетақы қорындағы қаражат ең алдымен азаматтардың болашақтағы әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

«Зейнетақы шотындағы ақша жиналу керек. Оны жұмсамау керек. Зейнет жасына жетеді, сол кезде өзінің лайықты пенсиясына жұмыс жасайды», – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты мерзімінен бұрын пайдалану үшін белгіленген жеткіліктілік шегін көтеру мәселесі қоғамда қызу талқыланып, бірқатар азаматтар бұл шешімге қарсылық білдірген болатын.