×

Қазақтың Эпштейні кім? Назарбаев масон? Турлов сияқтылардың мүддесі не? - Сұлтан Хан Аққұлы

Даурен Омаров 31.05.2026 | 21:00
Қазақтың Эпштейні кім? Назарбаев масон? Турлов сияқтылардың мүддесі не? - Сұлтан Хан Аққұлы
Adal Adam

 

«Adal ADAM» youtube арнасының кезекті кейіпкері – алаштанушы ғалым, публицист Сұлтан Хан Аққұлы.

Бұл сұхбатта Алаш қозғалысының шынайы табиғаты, түпкі мақсаты, Әлихан Бөкейханның масон ұйымдарымен байланысы, Қазақстандағы қазіргі масондар туралы пайым-пікірлер айтылды.

Сонымен қатар, қазіргі қазақ кәсіпкерлерінің келбеті, Тимур Турлов, Алагөзовтер секілді ірі бизнесмендердің қоғамдағы рөлі, олардың капиталының идеологияға әсері, меценаттық пен геосаяси мүдде кеңінен қозғалды.

Сұлтан Хан Алаш арыстары мен кеңестік қайраткерлердің арасындағы алшақтық, тұлғаларды бір-біріне қарсы қою тенденциясы туралы да өз ойын ашық білдірді.

Бұдан бөлек, қазіргі қазақ элитасының моральдық бет-бейнесі, шенеуніктердің жауапкершілігі, отбасы құндылығы жайлы да өткір пікір айтылды.

Көріп шығыңыздар. Пікір жазыңыздар. Ой бөлісіңіздер.