Маңғыстауда әскери оқу-жаттығу кезінде 9 адам қаза тапты
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Маңғыстау облысында өткен Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болғанын хабарлады.
24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, қатты жел 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, 9 әскери қызметші қаза тапты. Үшеуі құтқарылды, оның біреуі ауруханаға жеткізілді. Қалған әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиға орнына Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған арнайы комиссия аттанды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштері, ТЖМ бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылған.
Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.