×

Қазақстанда 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Даурен Омаров 24.09.2026 | 19:07
Қазақстанда 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Жалпыұлттық аза тұту Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты жарияланып отыр.

Бұған дейін Каспий теңізінің жағалауында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, әскери қызметшілерді теңіз тартып әкеткені хабарланған еді.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.